"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Павловка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Павловка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Рухани жаңғыру»

15.12.2017

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Павловка бастауыш мектебінде Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  бойынша жылдық жоспар құрылды.  Жоспар бойынша қыркүйектің 20-сы күні

Бексеитова Л.И. мұғалімдер арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түсіндіру, насихаттау, талқылау жұмыстары жүргізілді. Әр мұғалім өз ойын ашық айтып, пікірін білдірді.  Қыркүйектің 6-нан 16-ы аралығында «Мәңгілік елімнің - мәңгілік тілі» атты тілдер апталығы өткізілді.  Апта бойы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша ашық сабақтар, викториналар, сыныптан тыс сабақтар өткізілді. Қазан айында «Қарттар – тарих, қазына, ел қазығы» атты қарттар күніне арналған шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекеде оқушылар әзірлеген билер биленіп, өлеңдер оқылды. Ата-әжелер сахналық қойылым көрсетті. Іс-шара дәмді дастарханмен жалғасты. Дастархан басында отырып ән шырқап, көңілдерін

көтерді. Күзгі демалыста өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 30 қазан күні «Менің шағын Отаным» атты өлеңді мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Байқау барысында Қазақстан туралы шағын видеоролик көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды. Оқушыларға сұрақтар қойылып, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түсіндірілді. Оқушылар қазақша, орысша, ағылшынша өлеңдірді мәнерлеп оқи отырып, сұрақтарға жақсы жауап берді. Байқау соңында «Рухани жаңғыру» символы қыран құстың бейнесін бірлесе отырып, коллаж түрінде жасады. Байқауға қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Қараша айында педкеңес отырысында «Латын алфабитіне көшуге дайынбыз ба?» тақырыбымен пікірсайыс өткізілді. Латын әрпіне көшу заман талабы екенін талқылай түсіп, білім саласындағы пайдасы туралы нақтылай түсті. Барлық мұғалімдер өз ойын нақты жеткізіп, пікірлерін білдірді. Қарашаның 30-ы күні Тұңғыш Президент күніне орай сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға Елбасы туралы түсінік беріліп, шағын видеоролик көрсетілді. Сабақ соңында викториналық сұрақтар қойылып, қазақша, орысша тақпақ, өлеңдер оқылды. Барлық оқушылар бірігіп флеш-моб биледі.  Сабақ қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар түгел қатысты.



Просмотров: 227

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст