Текст
30 қазанда Любовь Ивановна 2-4 сынып оқушыларына "Сенің құқығың мен міндеттерің" атты сынып сағатын өткізді. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сынып сағатының міндеттері: 1. Оқушыларды бала құқықтары туралы Конвенцияда баяндалған негізгі құқықтар мен бостандықтармен таныстыру. 2.Балаларға міндеттерсіз құқықтар, құқықсыз міндеттер жоқ екенін түсінуге көмектесу. Сабақта мектепте және үйде, қоғамдық орындарда және көшеде дұрыс мінез-құлық дағдылары бекітілді. Сабақ барысында оқушылар Конвенция, ондағы құқықтар мен міндеттер туралы түсінік алды. Балалар әңгімеге, шығармашылық жұмысқа белсенді қатысып, презентацияны қызығушылықпен тамашалады. Сынып сғаты өз мақсатына жетті.