"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Павловка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Павловка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани адамгершілік – тәрбие бағыты.

10.03.2018

Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр.

Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды. Елбасы: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта тірілтуіміз керек» дейді.  Осы орайда Елбасының «Рухани жаңғыру:

болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру мақсатында ақпанның 15-і күні жоспарға сай Приречный орта мектебінде семинар ұйымдастырылды. Семинар мектеп өмірбаяны туралы презентация көрсетумен басталып, шағын концертпен жалғасты. Оқушылар жобаларымен таныстырып, келген қонақтар мұражайды тамашалады.   Елiмiздiң,

ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында»,- деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай әр мұғалiм өзінің бiлiмiн үздiксiз көтеріп отыруы қажет. Сондықтан жиналған ұстаздар өз тәжірибесімен бөлісіп, баяндамалар оқыды. Атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақ: - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Ал, қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы – халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет – оқушының ұлттық сана-сезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту.  Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң  жүргiзген шараларына байланысты болғандықтан, жоғарыда аталған міндеттерді басшылыққа ала отырып,  ұстаздар арасында «Рухани адамгершілік – тәрбие бағыты» атты іскерлік ойын өткіздім. Аталмыш сайыс халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын ұмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге бағытталып,  жиылған ұстаздар екі топқа бөлініп, сайысқа түсіті. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; ұлттық сананы ояту, жас

ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Қатысушылар рухани құндылықтарын қаншалықты бай екедіктерін көрсете білді. Қазақта «Білмегеніңді кісіден сұра, кісі болмаса, кішіден сұра» деген мақал тегін айтылмаса керек. Білмегенімізді бір-бірімізге үйретіп, тәжірибе аламсып, мол ақпарат жинадық. Халқымыздың ескі әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғыртып, еске түсірдік. 

Осылайша оқушыға алдымен рухани азық, рухани тәрбие беру керек екендігін тағы бір айқындай түскендей болды. Елбасымыздың кезекті жолдауында да болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі де басым бағыттардың бірі болып отырғаны тегін емес. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы » дейді Әбу Насыр әл-Фараби өз қағидасында. Яғни оқу мен тәрбие егіз. Оқу мен тәрбие ықпалдастығы сондай бірін-бірі толықтырып отырады. Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды,

сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ,

ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол. Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа

бірге жетейік!

Просмотров: 265


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст