Текст
Біздің мектепте 2-нен 13 ақпан аралығында "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігі өткізілді. Онкүндік шеңберінде суреттер сайысы, ән, шығармашылық жұмыстар, мәнерлеп оқу байқаулары мен өзін-өзі тану сабақтары өткізілді. 2 ақпанда онкүндіктің ашылу салтанатында "Өзін-өзі тану" кітабының авторы С.А.Назарбаева туралы айтылды. Мектеп кіреберісі "Мейірім төгетін ана" стендімен безендірілді. Балаларға арнап С.А. Назарбаеваның өмірі мен қызметі туралы ақпарат дайындалып, оқушыларға онкүндік жоспары таныстырылды.