Текст
Шілде айында мектеп ұжымымен бірге Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесін тамашалап қайттық. Көрмені Нұр-Әлем шарынан бастадық. Ғимарат ішіндегі ұлттық бұйымдар, қазақтың салт-дәстүрін насихаттайтын түрлі презентациялар, сондай-ақ әр қабатта болашаққа бастар жаңа жобалар таң қалдырды. Сыртта әр елдің дәстүрімен, тарихымен танысып, жеке-жеке павилиондарға кіріп шықтық. Ғимараттардың орналасуы, сырттағы балалар алаңы, көремлер үлкен әсер қалдырды. Осындай көңілді күнді ұйымдастырғаны үшін барлық мектеп ұжымы атынан Приречный селолық әкімінің орынбасары Толпақов Ғалымжан Айдарбекұлына алғыс айтамыз.