Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтап, қазан айының 19-ы күні "Дорогие мои старики" атты мерекелік іс-шара өткіздік. Іс-шаран басында ауыл ақсақалы Ахметжанов Қайырлы ата және Приречный ауыл округі әкімідігінің бас маманы Талпақов Ғалымбек Айдарбекұлы сөз сөйлеп, тілек айтты. Концертті Приречный ауылының әжелерінен құралған "Полюшко" тобының әнімен басталды. Әрі қарай оқушылар әзірлеген билер биленіп, тақпақтар оқылды. Әсіресе "Қолшатыр астында" биін билеген оқушылар қонақтарды сүйсінтті. Іс-шара соңында көрші ауылдан келген қонағымыз Анастасия Панкина қарияларға арнап өлең шырқады. Сонымен қатар аталар мен әжелер арасында тосын сый ретінде әзірленген "Шалқан" ертегісі қойылым ретінде көрсетілді. Әрі қарай мереке дастархан басында жалғасты. Демеушілеріміз "Павловка" ЖШҚ директоры Уваров П.И. ауыл қарияларына ақшалай сыйлық жасады. Сондай-ақ демеушілеріміз "Аина" дүкеніне, СПК Дюсеков Н.Е. алғыс білдіреміз.