Күзгі демалыста өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 30 қазан күні «Менің шағын Отаным» атты өлеңді мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге,
патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту. Байқау барысында Қазақстан туралы шағын видеоролик көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды. Оқушыларға сұрақтар қойылып, Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы түсіндірілді. Оқушылар қазақша, орысша, ағылшынша өлеңдірді мәнерлеп оқи отырып, сұрақтарға жақсы жауап берді. Байқау соңында «Рухани жаңғыру» символы қыран құстың бейнесін бірлесе отырып, коллаж түрінде жасады. Байқауға қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.