Күзгі демалыста өткізілетін іс-шаралар жоспары төмендегі тақырыптар бойынша жасалып, бекітілді: патриоттар күні, отбасы күні, денсаулық және спорт күні, кітаптар күні және бос уақытты өткізу күні. 30 және 31 қазан
күні «Менің шағын Отаным» тақырыбында тақпақтар сайысы ұйымдастырылып, Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру, насихаттауға байланысты сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабақ барысында шағын видеоролик көрсетіліп, оқушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар өз қолдарымен қыран құстың бейнесін коллаж түрінде жасады. 1 қараша күні «Мама, папа и я – спортивная семья» атты спорттық эстафета өткізілді. Ата-аналар мен оқушылар шапшаңдық пен күштерін көрсетті. Іс- шара қызықты өтіп, достық жеңді. 2 қараша күні оқушылар арасында шахматтан турнир өтті. 3 қарашада «В стране любимых сказок» атты балаларға арналған викторина өтті. 4 қараша күні «Музыкальная капель», «В ритме танца», «Веселый карандаш» үйірмелері бойынша оқушылар бос уақыттарын өткізді. Күзгі демалыста оқушылар іс-шараларға 100% қатысты.