Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президент Күніне арналған
іс-шаралар есебі
Мақсаты: 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Оқушыларды Елбасындай Отанын,
халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген
сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсан Тұңғыш Президенті Күні мерекесін тойлап жатыр. Осыған орай біздің мектепте де іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды. Мұғалімдердің қатысуымен 1-4 сыныптарда «1 декабря – день Первого Президента», «1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні» ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға Елбасының өмірі, отбасы туралы шағын видеороликтер, слайдтар көрсетіліп, таныстырылды. Оқушылар арасында «Менің Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу сайысы және «Ребята всей нашей страны Президента знать должны» айдарынмен викторина өткізілді. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбымен сынып бөлмесінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылардың назарына «На пороге 21 века», «Твердая поступь страны», «В сердце Евразии» және тағыда басқа кітаптар ұсынылды. Кітап авторы Н.А. Назарбаев. «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» ұранымен шахматтан турнир өтті. 30 қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай «Менің тұғыш Президентім» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Оқушылар тақпақтар оқып, ән шырқады. Отбасының өмірі таныстырылды. «Тұңғыш Президент Күні» айдарымен мақала жазылып, сайтқа жіберілді. Барлық іс-шаралар жоспар бойынша өткізілді. Мазмұны қойылған мақсатына сай болды. Іс-шараларға оқушылар, мұғалімдер барлығы қамтылды. Өткізілген орындар тақырыпқа сай безендірілді.