2018 жылдың 16 қаңтарында мектебімізде Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Мектеп меңгерушісі Бексеитова Л.И. жиынға қатысушыларды жолдаудағы он міндеттермен таныстырып, жаңа әлемнің үздіктер қатарына ену үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Денсаулық сақтау бойынша мектебіміздің мед қызметкері Хабидуллина А.К. сөйледі. Барлық қатысушылар Жолдау бойынша өз ойларын білдірді. Әсіресе білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мәселелерін қызу талқыладық. Елбасы тарапынан қамқорлық көрсетіпліп, мұғалімдер жалақысы мен зейнетақы, жәрдемақы көлемінің көтерілгені қуынтты. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғасады. Білім мен ғылымға, өсіп келе жатқан жас буынға көп мән беріп, көңіл бөлгені үшін біз өте қуаныштымыз.
Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы бізді қанаттандыра түседі.