Текст
Вирустық "А" гепатитінің алдын алу мақсатында мектепте іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сәйкес оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен және техникалық персоналдар арасында әңгімелер мен дәрістер өткізілді. Мектептің фойесінде, сынып кабинеттерінде, шағын-орталықта асханада стендтер ілінді. Вирустық " А " гепатиті туралы балалармен диктант және практикалық сабақтар өткізілді. Сабақтарда "Таза қолдар"сергіту сәті жүргізіледі. "Вирустар туралы ертегі" атты презентация көрсетілді. Вирустық " А " гепатитінің алдын алу мақсатында ата-аналарға жадынамалар мен ұсыныстар таратылды. Аурудың алдын-алу бойынша іс-шаралар мектепте жалғасуда.