Текст
23 қазан күні еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі қарсаңында біздің мектепте Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған сынып сағаты өтті. Сыныпта атмосфера бұрынғыдан да салтанатты және әрбір қатысушыдан шыққан патриотизм сезіміне толы болды. Бұл іс — шараның негізгі мақсаты-білім алушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш пен құрметке тәрбиелеу, отансүйгіштікті қалыптастыру және Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну болды. Сабақ әнұраннан басталды. Әрі қарай, оқушылар 2 топқа бөлініп, мұғалім дайындаған әртүрлі тапсырмаларды орындайды.