Текст
Біздің мектепте "Жасыл мекен" челленджі өткізілді. Акцияға біздің оқушылар, қызметкерлер мен мұғалімдер қатысты. Челлендж білім алушыларды экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған. Көшеттерді отырғызу балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін дамытуға әкеледі. Мақсаты: білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және балаларда еңбекқорлыққа баулу.