Текст
Дарынды оқушыларды анықтау, математикалық сауаттылықты арттыру және ғылым негіздері бойынша білімдерін тереңдету мақсатында ҚР Білім Министрлігінің "Дарын "республикалық ғылыми-практикалық орталығы" РМҚК 2023 жылғы 4-7 ақпан аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін "Ақбота" зияткерлік олимпиадасын өткізді. Біздің мектеп осы олимпиадаға белсенді қатысты, оған логикаға арналған өте қызықты тапсырмалар кірді. Оқушылар 1,2,3 дәрежелі сертификаттар мен грамоталар алды.