Текст
Жолда жүру ережелерін бекіту, балаларды мектепке дұрыс және қауіпсіз жолды таңдауға үйрету, жолда және қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстау мәдениетін тәрбиелеу мақсатында «Көшеде және жолда балалардың өзін-өзі ұстау ережелері» атты сынып сағаты өтті. 3-4 сынып оқушыларымен өткізілді. Сабақ «Жол ережесі» өлеңін талдаудан басталды. Тыңдаған соң балалар сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын құрады. Содан кейін балалар жолда жүру ережелерін еске түсірді, мұғалімнің сұрақтарына жауап берді. Сабақ соңында оқушылар шығармашылық жұмысты аяқтады. Олар жол белгілерін салып, мағынасын түсіндірді, содан кейін мұғаліммен бірге қауіпсіздік жадынамасын құрастырды.