"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Павловка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Павловка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы күні

17.05.2019

15 мамыр күні Халықаралық Отбасы күні атап өтіледі. Қазақстанда бұл мейрам ерекше маңызға ие. Қазақ үшін отбасы-қасиетті ұғым. Бала отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп, осы үйге тән барлық нәрселерді сіңіреді. Сондықтан да қазақ отбасыларында балаларды тәрбиелеуге үлкен мән берілді. Отбасы — махаббат, құрмет, ынтымақтастық және бауырмалдық көзі, кез келген өркениетті қоғам немен құрылатынын, онсыз адам өмір сүре алмайтынын есте сақтау маңызды. Біздің мектепте Отбасы күні қызықты және көңілді өтті. Оқушылар орыс драма театрына барып, француздық «Қызыл телпек»  музыкалық ертегісін тамашалады. Мерекелік күн  «Менің отбасым  - менің байлыгым» деген іс-шарамен жалғастырылды ата-аналармен балалар шақырылды. Мақсаты: коммуникативтік шеберлікті, мейірімділік пен өзара қарым-қатынасты дамытуға ықпал ету. Ата-аналар үшін конкурстық бағдарлама дайындалды, ол көңілді және танымды өтті. Іс-шара соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды. 1 орын – Тонких отбасы, 2 орын-Бексетовтар отбасы, 3 орын – Қойшыбаевтар отбасы. Қалған ата-аналар қатысқан үшін грамоталар алды. 18. 00 «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын қалыптастырудың негізі»  тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіздік техникасы бойынша әңгімелер мен нұсқаулықтар көрсетілді. Осы күні жоспарланған барлық іс-шаралар өткізілді және тәрбиелік сипатта болды.

Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст