1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні бүкіл республика бойынша мерекеленеді. Оған тарихта маңызды орын беріледі. Қазақстан Президенті мемлекеттік билік пен халық бірлігінің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Осы мереке қарсаңында тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизмді, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттары өткізілді. Осылайша, Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында "Павловка ауылының бастауыш мектебі" КММ-де "Елбасы елімен бірге"бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Оқушылар сабақта біздің көшбасшы туралы көп нәрсе білді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отбасы, оның хоббиі және Тұңғыш Президентіміздің кітаптары туралы айтылды. Балалар өте белсенді және мұқият болды.