Текст
19 ақпан күні 2-4 сынып оқушыларымен "парасаттылық сағаты"атты әңгіме өткізілді. Әңгіме қазақтың көрнекті ағартушысы - педагог, Ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсарин мен ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың өміріне арналған. Олардың шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады. Жазушылар адамгершілік туралы идеяларын эстетикалық тәрбиемен сипаттап, оларды бір-бірімен байланыстырды. Оқушыларға ақындардың өлеңдері оқылды, олар арқылы патриотизм мен жеке қадір-қасиет туралы ойлар айтылды. Өйткені, бұл ойларды санаға енгізген кез-келген жас адам адалдық пен әділеттілік жолымен жүретініне күмән жоқ.