Текст
Өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру, санитарлық нормалармен танысу мақсатында барлық сыныптарда "өзіңді вирустық аурулардан қалай қорғауға болады" атты әңгімелер мен нұсқаулықтар өткізілді. Балаларға вирустық аурулардан қалай қорғану керек, медициналық маска кию, қолды қалай жуу және басқа да жеке гигиена ережелері туралы ұсыныстар берілді. Оқушыларға айтып қана қоймай, көрнекі түрде көрсетті. Вирустық аурулардың таралуын болдырмас үшін алдын-алу шараларын жүргізу керек және әрқайсымыз ауру мен вирустың таралу қаупін азайта алатынымызды ұмытпауымыз керек. Аман-сау болыңыз!